Біз туралы жазады

 

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы биыл 30 жылдығын атап өтеді. Мерейтойға қарсы «Мұражай өмірінен 30 тарих» атты көрме дайындалды, ол мамырдың 27-не дейін жалғасады.

Қарағанды облыстық бейнелеу мұражайында Наурыз мейрамы тақырыптық көрмемен атап өтілді. Экспозиция қазақ ұлттық оюларына арналып отыр. Көрменің ашылуына №16 мектептің оқушылары мен ата-аналары, сондай-ақ №3 спорт мектебінің оқушылары қатысты.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында қарағандылық суретші Мыңғыш Әбілқасовты еске алу көрмесі өтіп жатыр. Көрмеде суретшінің туыстарының топтамаларынан және бейнелеу өнері мұражайының қорынан жинақталған 40-тан астам жұмыстары ұсынылған.