Шаралар архивы
7 маусым күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Виктор Аренттің, Ирина Пономареваның (Эпп) және Алексей Винтердің шығармашылығына байланысты көрме ашылды.
12 маусымда Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен «Үміт-2019» суреттер мен қолөнер бұйымдарының облыстық байқау-конкурсының ашылу салтанаты өтті
16 мамыр сағ. 18.30 –да Халықаралық музей күніне және Жастар жылына орай «Музей түні» «Дизайнерлік шабаш» кешкі мерекелік шоуы болып өтті. Қарағанды сән колледжінің дайындаған костюмдер сәнін көрсетуі өте тартымды көрермендерге таша көңіл-күй сыйлады. «Шығыс», «Музей түні», «Рок шок», «Қыздар-сарбаздар», «Барлығы балға», «Өз жолың» киімдер коллекциясының көрсетілімі, постижа өнері, шәш сәндеу дизайны, теріден эко картина, интерьер дизайны, модульді панно, арт-объекты, «пәтердің виртуальды шындығы», 3-Д принтер, гидропоника және фитокартиналар, «Тұрғын үй салудағы IT технология», эстрадалық ансамбль, саксофон үні т.б.
25 сәуір күні сағ 16.00 қарағандылық жас суретші Еркебұлан Молдабековтың «Жандану» атты көрмесі ашылды. Автор Қарағанды қаласында кәсіби білім алған, көптеген шығармашылық конкурстардың дипломанты және қатысушысы. Автордың айтуы бойынша ең көлемді конкурс ол Бұқар жыраудың 350 жылдығына арналған логотипті жасап жеңімпаз атануы.
14 сәуір күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Музей арт-терапиясы» аясында «Творческая Караганда» әдеби альманахтың тұсаукесері өтті. Альманахты «Твой остров» шығармашылық бірлестігі шығарды және Қарағандының және облыстың 70 авторының әдеби шығармашылығы енген.