12 Қыркүйек 2018
Қарағандыда жас суретшілер туындыларының көрмесі ашылды
Қарағандының жас суретшілері өз жұмыстарын бейнелеу өнері мұражайында көпшілік назарына ұсынды. Көрмеде маймен, акварельмен салынған суреттер, графика, коллаж,линогравюралар мен компьютерлік графикалар бар.
- Мұндай көрмелер – ол әрбір суретші үшін өзіндік емтихан іспеттес. Көрмелік комитет жұмыстарды іріктегенімен, қатаң талаптар қойылған жоқ. Суретшілер үшін басқа әріптестерінің туындылары қатар ұсынылы емтихан болды. Осыдай салыстырулар қыл қалам шеберлеріне өз жұмыстарына басқа көзбен қарап, шеберлігін шыңдауға көмектеседі. Қазіргі таңда суретшілер реализмді өте сирек салуда. Олар көбіне өзінің ішкі жан дүниесіне көз салады: суреттерде стилизация көпқиял-ғажайып сюжеттер көптеп кездеседі. Ол жұмыстарын көпшілік назарына салмас бұрын, олардың әрқайсысы өзін өзі бағалаулары тиіс, - деді өнер танушы Наталья Иванина.
Көрменің қызықты жәдігерлерінің бірі Бұқар жырауға арналған гипстен жасалған мүсінше болды. Ол араб жазбасымен және әшекейлермен әрленген ханның бас киімі.
- Бұл идеяны жүзеге асыру үшін үш жыл бойы ақпарат жинап, тарихшылармен, имамдармен кеңестім. Мүсіннің негізгі ортаңғы тік бөлігі жеті ханның мөрімен әрленген, ол Бұқар жырау жеті ханның кеңесшісі болғанын білдіреді. Барлық мөрлер тамшы іспеттес – ол қан тамшысын білдіреді. Осындай пішінді мөр тек ханда ғана болатын, себебі тек хан ғана соғысты бастауға бұйрық бере алған. Мүсіннің қырларында араб тілінде сегіз жазба бар – ол мұсылманның басты сегіз қасиеті. Ең жоғарғы жағында дала бүркіті бейнеленген, бір қырынан қараса барлық мұсылмандардың белгісі - жарты айшық секілді көрінеді, - дейді мүсін авторы Аманта Әкішев.
Осы және басқа да туындыларды Бұқар жырау даңғылы, 76 мекенжайы бойынша орналасқан Қарағанды бейнелеу өнері мұражайынан тамашалауға болады. Көрме 19-шы қыркүйекке дейін жалғасады.