Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы биыл 30 жылдығын атап өтеді. Мерейтойға қарсы «Мұражай өмірінен 30 тарих» атты көрме дайындалды, ол мамырдың 27-не дейін жалғасады.
- 30 жылда жиналған мұражай топтамасы 11407 қолөнер бұйымдарынан құралады. Мерейтойлық экспозицияда мұражай қорына келіп түскен ең алғашқы және ең соңғы жұмыстарды көруге болады, - дейді мұражай директоры Бибігүл Құдабаева. – Ол Гилярий Гилевскийдің «Жас кенші» және жас суретші Александр Клоковтың «Саяхатта, өмір сүр, қуан!» атты туындылары. Көрменің басты қабырғасында 30 кескіндеме және графика жұмыстары әр түрлі жанрда әр түрлі тақырыпта орындалған – портреттер, пейзаждар, сюжетті картиналар, натюрморттар, авангард өмірі қойылған.
Экспозицияның екінші блогы шағын жұмыстардан құрылған «30» санымен бейнеленіп мерекеге сай безендірілген, бұл жұмыстардың барлығы қала өмірінен сыр шертеді. «Мүсін және сәндік – қолөнер бұйымдары блогы, музей қорынан 30 тамаша туындылардан құралған, бұлар әр түрлі техникалар мен материалдардан орындалған.
Сонымен қатар экспозицияда музейдің жарнамалық афишаларынан және газет мақалаларынан баннер, сонымен қатар палитра бар бұл фото аймақта көрмеге келген қонақтар естелікке фотоға түсе алады.
30 жылдың ішінде музейде 3 мың көрме мен шаралар өткізілді. Оның ішінде Қарағанды Суретшілер Одағының жыл сайынғы дәстүрлі есеп беру көрмесі, дербес көрмелер, сайыстық – көрмелер, мерейтойылқ, тақырыптық, еске алу көрмелері және тағы басқалары. Музейде стационарда да көшпелі көрмелер де өткізіліп тұрады. Қазақстандық және Ресейлік музейлермен жыл сайын ауыспалы көрмелер өткізу дәстүрге айналған. Музейдегі ірі - ірі шаралар халықаралық көрмелер ол Польша, Корея, Германия, Румыния, Франция, Италия, Израйль, Куба, Қытай елдерінен келген көрмелер.
Мұражайдың «Алтын қоры» 40 Еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінің және ТМД мен Қазақстанның Халық суретшілерінің шығармаларынан тұрады. Бұл аймағымыздағы жалғыз көркемөнер мұражайы.