Музей қорын тек қазақтың халық сәндік қолданбалы өнері коллекциясы ғана емес, сонымен қатар оның елеулі бөлігін ТМД елдерінің және Алыс жақын шетел шеберлерінің туындылары алады. Бұл жәдігерлер сатып алу, туындыларды іздеу және музейге сыйға беру ретінде әртүрлі жолдармен жиналды. Музей қорында сақталған сәндік қолданбалы өнер туындыларының елуге жуық бірлігі ТМД елдерінің және он бір бірлігі Алыс жақын шетел шеберлеріне тиесілі.

Орыс және украиндық шеберлердің керемет жұмыстары халық өнері дәстүрлерін жалғастыруда. Олардың ішінде И.Г.Аполлонов және А.Г.Балабин украиндық суретшілердің гутты шыны бұйымдары, екі шеберге Украинаның халық суретшілері атағы берілді. Коллекцияда сонымен қатар Н.Г.Пошивайло, И.В.Ковалевич және М.С.Галушко үш украиндық халық шығармашылығы шеберлерінің қыш бұйымдары ұсынылған. Ресейдің халық суретшілері В.А.Удалова, Е.Н.Доспалова,Р.Н.Нечаева және Ресейдің еңбек сіңірген суретшілері А.В.Соколова, Л.А.Кубаткина мен В.А.Колесникова шеберлерінің хохлома және городец өрнегімен өрнектелген ағаш бұйымдары.

Музей қорында ХІХ ғасырдың бірінші жартысының «Параскева Пятница» иконаның метал бедерлі бейнесі және ХХ ғасырдың басында Кусинск шойын құйма зауытында жасалған шағын мүсіні сақталады.

Алыс жақын шетелдің сәндік қолданбалы өнері бөлімінде ХІХ – ХХ ғасырдың басына жататын неміс, француз және австриялық фарфор мен шыны жәдігерлері ұсынылған, сонымен қатар перламутрмен өрнектелген корей ағаш бұйымдарын табуға болады.