26-Ақпан-2018 Қарағанды облыстық әкімінің сайты

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында қарағандылық суретші Мыңғыш Әбілқасовты еске алу көрмесі өтіп жатыр. Көрмеде суретшінің туыстарының топтамаларынан және бейнелеу өнері мұражайының қорынан жинақталған 40-тан астам жұмыстары ұсынылған.

- Бұл көрме Мыңғыш Әбілқасовтың 75 жылдығына арналады. Ұсынылған жұмыстардың арасында Ұлы Отан соғысына, экологияға және ағы да басқа көптеген тақырыптарға арналған туындылар бар, - дейді көрме кураторы, мұражай әдіскері Мейрамгүл Елубаева.

Мыңғыш Мәуленұлы Әбілқасов 1943-шы жылы дүниеге келген. 1965-ші жылы Алматы көркем училищенсін тәмамдаған, көркем суретші, график, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, Қазақ ССР өнерінің еңбек сіңірген қайраткері. 1994-ші жылдан бастап 15 жыл аралығында Мыңғыш Әбілқасов Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайын басқарған.

Еске алу көрмесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылып, 11-ші наурызға дейін жалғасады.