Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі

 

«Шын жүрекпен құшақтаймын. Кәріпбек Күйіковтің шығармашылығы мен қызметі» атты кітап-альбомның көрме-тұсаукесері туралы ақпарат

17 қаңтар күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Кәріпбек Күйіковтің шағармашылығы мен қоғамдық қызметі туралы баяндайтын «Рухани Жағыру» бағдарламасы аясында жарық көрген «Шын жүрекпен құшақтаймын» кітабының көрмесі мен тұсаукесері өтті. Кәріпбек Күйіков – суретші, антиядролық қозғалыстың активисті, «АТОМ» жобасының құрметті елшісі, «Құрмет» орденінің иегері, Нобель сыйлығының номинанты, «Ядролық қарусыз болашақ» халықаралық сыйлығының лауреаты.

Кітап-альбомның тұсаукесерінде бейнелеу өнері музейінің басшысы Б.С. Кудабаева, өнертанушы Н.И. Иванина, СО мүшесі В.Троценко және К.Күйіковтің достары сөз сөйледі.

«Шн жүрекпен құшақтаймын» атты әсерлі әрі мазмұнды кітап-альбом қонақтар мен суретші К.Күйіковтің жағымды пікірлерін алды. Таралымның көп бөлігі облыстық, қалалық және аудандық кітапханалар мен музейлерге беріледі.

2 ақпанға дейін жалғасатын көрме аясында, суретшінің оқушылармен және студенттермен шығармашылық кездесулері жоспарланған.

View the embedded image gallery online at:
https://muz-kar-izo.kz/kz/rukhani-zha-yru.html#sigFreeId84216f1875