Әр суретшінің таңдаған тақырыптар мен сюжеттерге қарамастан, оның шығармашылығының барлық бағытын анықтайтын бір басты, үлкен тақырыбы болады. Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Суретшілер Одағының мүшесі Анатолий Билык ең алдымен суретші-азамат және патриоттық тақырып оның шығармашылығындағы маңызды рөлін атқарады.
Анатолий Петрович Билык 1928 жылы 20 қараша күні Днепропетровск облысының Крамарка ауылында дүниеге келген. Он бес жасында майданға өз еркімен аттанып, Днепропетровск пен Криворожьені фашистік басқыншылардан босату үшін шайқастарға қатысады. Соғыс аяқталғаннан кейін Анатолий 1945 жылы Днепропетровск көркемсурет училищесіне мүсін бөліміне оқуға түседі. Бес жылдан кейін білімін аяқтап, болашақ мүсінші облыстық «Художник» серіктестігінде еңбек жолын бастайды.
1956 жылы Анатолий Билык Қарағандыға келіп, шығармашылық тағдырын Орталық Қазақстан еңбекшілерінің өмірімен тығыз байланыстырды. Анатолий Петрович елдің әртүрлі қалаларында орнатылған 20-дан астам ескерткіштер мен монументтердің авторы.
https://muz-kar-izo.kz/kz/bizdi-or/m-sin/ara-andyly-avtorlar-m-sini.html#sigFreeIdc0d901875c