Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі, Қарағанды облысындағы жалғыз көркем өнер музейі 1988 жылы ашылды. Бұл музей бейнелеу өнерін насихаттау мақсатында және болашақ ұрпаққа тәрбие беру үшін, әрі қарағандыда суретшілер мектебінің аса қарқынмен дамуына байланысты аса қажеттіліктен туындаған болатын. Музей коллекциясы әр түрлі жолдармен жиналды.
Бүгінгі күні музей қорында 12 мыңнан астам жәдігер бар. Музейдің «Алтын қоры» 40 Еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінің және ТМД мен Қазақстанның Халық суретшілерінің шығармаларынан тұрады. Сонымен қатар әлемге аты танылған саяси қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілердің туындылары да бар. Осы бөлімдердің ішіндегі ең көлемдісі ол Қарағандылық суретшілер шығармашылығы.
Қарағанды бейнелеу өнерінің қалдыптасып дамуы үшін бірнеше аға буын суретшілер ат салысты. Қарағандылық суретшілердің алғашқы көркемөнер көрмесі 1945 жылы ұйымдастырылды. Одан кейін бірнеше рет топтық көрмелер ұйымдастырылды. 1956 жылы Қарағанды көркем-өндіріс шеберханасы ашылды. Ал Суретшілер Одағы 1964 жылы ашылды оның құрамына алғашқылардың бірі болып 6 суретші өтініш білдірді.
Бұның бастау бұлағында тұрып, іргетасын қалауға ат салысқан аға буын суретшілер: Павел Степанович Андриюк, Петр Кузьмич Антоненко, Райымқұл Есіркеев, Павел Иванович Реченский, Саркис Манукович Саносян, Вениамин Вячеславович Шамшин, мүсіншілер Анатолий Петрович Билык, Юрий Вильгельмович Гуммель. Кейіннен Қарағандыға Виктор Иванович Крылов, Андрей Иванович Осипенко, Борис Иванович Мусат келді.
Бүгінгі күнде Суретшілер Одағы ұйымында 57 мүше бар олар суретшілер мен өнертанушылар.
1970 жылдары Қарағанды суретшілері үшін үлкен даму кезеңі болды. Бұл жылдары қаламызға кезінде изостудияда дәріс алған жас суретшілердің еліміздің үздік училищелерінен білім алып оралғаны үлкен оқиғаға айналды. Олар: Мыңғыш Әбілқасов, Виктор Буш, Юрий Камелин, Людмила Смирнова, Татьяна Рольян, Мәжит Байтенов, Қуаныш Есіркеев, Алексей Плотников. Бұлардан соң кейінірек жоғары оқу орындарын тәмамдаған Жеңіс Молдабаев, Марат Жүнісов, Мұрат Қалқабаев сынды суретшілер қарағанды суретшілерінің қатарын толықтырды. Олардың әрқайсы Қарағанды өнеріне өзіндік табысымен келіп, үлкен үлес қосты.
Суретшілердің еңбектері бағаланып жоғары марапаттарға ие болды. Қазақ ССР-інің Еңбек сіңірген өнер қайраткерлері. Виктор Иванович Крылов, Юрий Вильгельмович Гуммель, Мыңғыш Мәуленұлы Әбілқасов, Анатолий Петрович Билык, Саркис Манукович Саносян.
Суретшілер Одағының төрағалары Виктор Иванович Крылов, Анатолий Петрович Билык, Сейтмахан Қалмаханов, Валерий Шульга, Ерлан Айтуаров, Мұрат Қалқабаев, Владимир Проценко, Төлеген Абылкасов, бұл ұйымды 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қалмаханов Айдархан Сейтмаханұлы басқарып отыр.
Қарағанды СО отандық бейнелеу өнеріне, еліміздің мәдениетіне елеулі үлес қосты, бұл, әрине, құрмет пен ризашылыққа лайық. Құрылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін Қарағанды Суретшілер Одағы сәулетшілермен тығыз жұмыс істейді және қаланы көркейтуге үлкен үлес қосты, осылайша қаланың мәдениеті мен эстетикасын арттыруда.
Бүгінгі күнде Қарағандының ғана емес Қазсақтанның бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосып жүрген қарағандылық суретшілер өте көп олар: С.Д.Щеголихин, Ж.К.Комутов, Э.А.Селезнева, Б.Е.Мұстафин, Қ.Асқаров, О.В.Дроздов, В.А.Арент, А.С.Қалмаханов, М.С.Қалмаханов, В.А.Троценко, И.А.Раков және т.б.
Әбілқасов Мыңғыш Мәуленұлы
Арқа елінен шыққан дарынды суретші Мыңғыш Мәуленұлы Әбілқасов 1943 жылы 26 ақпанда Қарағанды облысы (қазіргі Ұлытау облысы), Жаңаарқа ауданында дүниеге келді. 17 жасында Алматы көркемсурет училищесіне түсіп, оны тамамдаған соң көмірлі қаламызға қайтып оралып еңбек жолын бастады.
Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде оқып жүрген кезінде суретші бүкіл әлемге танымал белгілі кескіндемеші суретшілерден дәріс алып, басқан қадамы сәтті болды. Бірінші курста қазақ халқының тұңғыш суретші қызы Айша Ғарипқызы Ғалымбаева сабақ беруден бастаса, одан әрі Әубәкір Ысмайылов, Молдахмет Кенбаев, Алексей Ильич Бортников сынды Одақ пен Республика көлеміне аттары танымал суретшілерден тәлім - тәрбие алды.
Ал ең бастысы Мыңғыш Мәуленұлының курстастары да осал жандар емес еді, олар Әбдірашит Сыдыханов, Тоқболат Тоғысбаев сынды Республикаға еңбегі сіңген өнер қайраткерлері, танымал суретшілер.
Әбілқасов Мыңғыш Мәуленұлы 1970 жылы Суретшілер Одағына мүше болып қабылданады одан соң, ерен еңбегі үшін 1990 жылы «Қазақ ССР - інің Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағын алды. Көптеген аймақтық, республикалық, облыстық, халықаралық көрмелерге қатысқан қылқалам шебері. Ол тек Қазақстанға ғана емес алыс - жақын шет елдерге танымал суретші. Біздің музей қорында суретшінің бірнеше туындысы бар.
2013 жылы дүниеден өтті.
„Сарыарқа“. Кенеп, майлы бояу. 2005ж.
„Бектау ата“. Кенеп, майлы бояу. 2012ж.
СЕЕ Н.Кабдыкаримованың портреті. Кенеп, майлы бояу. 1985ж.
"Әңгіме". Кенеп, майлы бояу. 1980ж.