Білім беру ұйымдарымен жұмыс

Жадырап Жаз келді! Біздің музейге қуанышпен келетін, Қарағандылық бүлдіршіндерді жазғы демалыстың басталуымен құттықтаймыз!

2019 жылдың 23 мамыры сағат 17.00-де Қарағанды Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Шығармашылықтың ғажайып әлемі» атты балалар-жасөспірімдер шығармашылығы көрмесінің ашылуы өтті. Көрме экспозициясына Қарағанды қаласы Балалар мен жеткіншектер сарайы бірлестіктері «Ала гүлдер» үлгілі бейнелеу өнері студиясы (75 жыл) және «Творчество» үлгілі сәндік-қолданбалы өнер студиясы (50жыл) сонымен қатар, «Алтын маржан» балалар шығармашылығы Студиясы (8жыл) тәрбиеленушілерінің жұмыстары ұсынылады. Көрмеге барлығы 790 жұмыс ұсынылған.

 

Қарағандылық мүсінші-суретші Арент Виктор Антоновичпен Саран қаласы өнер мектебі оқушыларымен шығармашылық кездесу өткізілді.  Кездесуге оқушылар мен оқытушылар қатысты.

27 наурыз күні сағат 16.00 де Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде қарағандылық суретші Марьяна Маккеваның жеке көрмесі ашылды. Көрермен назарына  50 ден астам жұмыс ұсынылған. Көрмеге суретшінің достары, студенттер мен өнер сүйер қауым жиналды.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері 2019 жылдың 27 ақпанында сағ16.00-де қарағандылық суретші СО мүшесі Абусева Равзаның жеке көрмесі ашылды. Бұл «Тихое сияние души» деп аталатын көрме автордың мерейтойына арналған.