Великанова Регина Васильевна
(1894 - 1972 жж.)
https://muz-kar-izo.kz/kz/bizdi-or/grafika/aza-stan-grafikasy.html#sigFreeIdf869168c70
Суретші Великанова Регина Васильевна - график және кескіндемеші.
Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Украинаның Луганск қаласында дүниеге келген. 1912 - 1917 жылдары Петроградтағы сурет мектебінде, 1921 - 1925 жылдары Ленинградтың жоғары көркемсурет - техникалық шеберханаларда, К.Петров - Водкин, А. Рыловада оқыды.
1942 жылдан Алматыда тұрып, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында суретші болып жұмыс істеді.
Суртешінің жұмыстары Мемлекеттік Орыс музейінде, Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде (2 туынды), жеке коллекцияларда сақталған.
Час после захода солнца - 1960 г.
Белов Михаил Александрович (1900 - 1984 жж.)
Кеңестік суретші-кескіндемеші, график. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1948).
Саратов губерниясының Лопастейка ауылында дүниеге келген. 1918 жылы Қазан көркемсурет мектебіне оқуға түсті, бірақ Азамат соғысы басталып, өмірлік жоспарларды күрт өзгерді, жас жігіт оқуын тастап соғысқа аттанды. Белов көркемдік білімін бірнеше жылдан кейін жалғастырды, 1924-1927 жылдары Ташкент кескіндеме, сурет және мүсін студиясында Н.В. Розановта оқыды. 1928 жылдан Революция суретшілерінің қауымдастығының (РСҚ) қоғам мүшесі.
1926 жылдан 1940 жылға дейін Ташкентте, 1953 жылға дейін Алматыда тұрып, жұмыс істеді, екі рет Қазақ КСР Суретшілер одағының төрағасы болып сайланды (1945, 1951). 1953 жылдан бастап Мәскеуде тұрып, КСРО көркемөнер қорының бас суретшісі болып жұмыс істеді.
Суретші шығармашылығында пейзаж жанры басым. Оның акварель туындыларының бейнелеу тілі дәстүрлі шынайы, реалистік жүйеге негізделген. Техникаға деген көзқараста суретші классикалық акварель техникасын сақтайды.
М. А. Беловтың жұмыстары А.Н. Радищев атындағы Саратов көркемсурет музейінің қорында, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде (2 жұмыс) сақталған
Оқудағы зеңбірекшілер. Қағаз, су бояу. 35х43
Артиллеристер оқу барысында. Қағаз, акварель.
Графика - бейнелеу өнерінің ең көп таралған түрі. Натурадан эскиздер, тақырыптық, портреттік немесе пейзаждық суреттер, кітаптар мен журналдардың иллюстрациялары, карикатуралар, плакаттар - бұл графиканың түрлері. Графика бейнелеу өнерінің ең көне түрі болып табылады. Қарапайым шағын қағаз бетінің көптеген артықшылықтары бар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - техникалық орындалудың салыстырмалы қарапайымдылығы мен жылдамдығы. Графикада негізгі бейнелеу құралдары (графикалық) бейнелеу жазықтықтың (көбінесе ақ қағаз парағы) қасиеттері және сызықтардың, штрих сызықтар мен дақтардың үндестік қатынастары болып табылады. Бейнелеу өнері түрлерінің ішінде тек графика ғана түпнұсқа түрінде қалып, көшірмеші жұмысынан, көшірмелік үдерістерден де өзгермей, автор шығармасының бірінші данасының сәйкестігін сақтай отырып, ондаған рет (баспа графика түрінде) көбейтуге жарамды.
Музейіміздің алғашқы күнінен бастап қорға қазақстандық графиктердің көптеген графикалық қағаз беттері түсе бастады. Бірінші кезекте, әрине, қарағандылық суретшілеріміздің жұмыстары болды. Мысалы, П.С.Андреюк, П.К.Антоненко, П.И.Реченский сияқты суретшілердің жұмыстарында қаламыздың құрылысы, өлкеміздің ауыл шаруашылығының дамуы, шахталардың ескі террикондары, лирикалық пейзаждар, портреттер бейнеленген.
Ә.Ысмаилов, В.Антощенко - Оленев, Ү.Әжиев, Е.Сидоркин сияқты басқа қазақстандық суретшілердің туындылары бізге Алматы қаласының ККД - нан (көркемөнер көрмелерінің дирекциясы) келіп түсті.
Бүгінгі таңда музей қорында «Қазақстан графикасы» бөлімінде 5 мыңнан астам сақтау бірлігі бар. Олардың көпшілігі әртүрлі көрмелерде жиі көрсетіледі.