Қарағандыда «Қыс» көрмесі өтіп жатыр

 

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қыс» ытты көрме өтіп жатыр. Көрермендер назарына мұражай қорының 40-тан астам туындылары ұсынылған. 


Экспозицияда Қазақ КСРО еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Ж. Шәрденовтың, А. Бортниковтың, А. Дячкин және М. Әбілқасовтың пейзаждары мен жанрлық жұмыстары келтірілген.

 

Онда сонымен қатар ТМД суретшілерінің мұражайлар қорындағы туындылары да бар: РСФСР халық суретшісі В. Сорокиннің «Зима под Ельцом», РСФСР еңбек сіңірген суретшісі М.Ройтердің «Перед стартом», Украина халық суретшісі В.Одайниктің «В горах Карпаты», Укранинаның еңбек сіңірген суретшілері И.Шолтес және И.Петьконың «Зимний день» және «Зимний этюд» суреттері назарға ұсынылған. Сонымен бірге қарағандылық суретшілердің де жұмыстарын тамашалауға болады. Оның ішінде О.Дроздовтың «Зимний вечер», И.Баграмовтың «Зимняя сказка в Каркаралинске» және А.Бегалиннің «Зимняя Караганда» картиналары.

 

- Біздің залдың мақтанышы жергілікті көркем суретшілер, пейзаж жанрының шеберлері: П.Антоненко, П.Андриюк, Г.Гилевский, Л.Смирнова, Ю.Камелин секілді қыл қалам шеберлерінің картиналары. Бұл көрме мұражайымыз үшін дәстүрлі болып табылады. Жыл сайын, осы уақытта әсем көріністерді бағалаушылар суретшілердің қысқа және оның сұлулығына арнаған шығаршамылықтарымен таныса алады, - дейді мұражайдың ғылыми қызметкері Назерке Жартын.

 

Көрме 16-шы қаңтарға дейін жалғасады.