Бiз туралы
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы, Қарағанды облысындағы жалғыз көркем өнер мұражайы 1988 жылы ашылды. Мұражай коллекциясы әр түрлі жолдармен жиналды. Бүгінгі күні мұражай қорында 10 мыңнан астам жәдігер бар. Мұражайдың «Алтын қоры» 40 Еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінің және ТМД мен Қазақстанның Халық суретшілерінің шығармаларынан тұрады.
Алдымен мұражай қорында қарағандылық шеберлердің сыйға тартқан шығармалары болды олар: Қазақ КСРО Еңбек сіңірген өнер қайраткері М.Әбілқасов, В.Крылов, суретшілер П.Антоненко, П.Реченский, В.Шамшин, П.Андриюк. Көптеген шығармаларды кескіндеме, графика және мүсін, сәндік қолөнер туындыларын мұражайға сыйға тартқандар Г.Гилевский, А.Осипенко, Ю.Камелин, А.Плотников, М.Джунусов, С.Саносян, А.Билык, Ю.Гуммель, В.Шульга, А.Сердюк, В.Иманасов, В.Малькевич, С.Қалмаханов, Т.Кеңесбаев, М.Қалқабаев, Ф.Исламова, ерлі-зайыпты Орловтар, Л.Смаглюк және басқалар. Олардың шығармалары әр түрлі тақырыпта, әр түрлі техникада орындалған.
Жаңалықтар

-
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі 1-16 қараша аралығында «ҚАЗАҚСТАННЫҢ СӘНДІК-ҚОЛӨНЕРІ» музей сабағының өткізілетіндігін хабарлайды
-
14 қыркүйек күні сағат 16-00-де Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде "Шахтинск квартеті"көрмесі ашылады.
-
2022ж. 22 маусым сағат 11.00 «№1 балалар көркемөнер мектебін» бітіргені туралы куәлік салтанатты түрде табысталады
-
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы