«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  аясында  шығарылған  «Шын  жүрекпен құшақтаймын.  Кəріпбек  Күйіковтің  шығармашылығы  мен  қызметі»  атты  кітап-альбомда,  антиядролық  қозғалыстың  активисті,  АТОМ  жобасының  құрметті елшісі  жəне  Нобель  сыйлығының  номинанты,  суретші  Кəріпбек  Күйіковтың шығармашылығы  мен  қоғамдық  қызметі  туралы  баяндайды.

 

Кітап-альбом адамзаттың ядролық қарусыз болашағы туралы ойлайтындар үшін  қызықты əрі пайдалы болады.

 


Бұл жинақтарға Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі қызметкерлерінің әр түрлі баспасөз басылымдарында, сайттарда жарияланған мақалалары енді

 


«Қарағандының монументальды кескіндемесі: мозаикадан стрит-артқа дейін» «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына сәйкес шығарылған кітап-альбом қаланың 85 жылдығына және 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Қарағанды монументальды кескіндемесінің негізгі даму кезеңдеріне арналған.

 

Кітап-альбомда мозаикалық панно, қоғамдық ғимараттардың интерьері, мүсінді бедерлер мен заманауи граффити туралы жазылған.

 

Бұл басылым суретшілерге, өлкетанушыларға, сәулетшілерге, оқушылар мен студенттерге, сондай-ақ Қарағанды бейнелеу өнерінің тарихына қызығушылық танытатындарға қызықты болады.

 


«Бір суреттің тарихы» мақалалар жинақ-альбомы  «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында сонымен қатар  қаланың 85 жылдығына арнап  шығарылған жинақ-альбом, бұл жоба облыстық «Saryarqa» телеарнасымен бірігіп жүзеге асырылды. Жинақ-альбомда  Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің қорынан Қазақстандық, қарағандылық авторлардың және саяси қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілердің 12 жұмысы туралы сөз болмақ.

 

Бұл басылым суретшілерге, өлкетанушыларға, оқушылар мен студенттерге, сондай-ақ Қарағанды бейнелеу өнерінің тарихына қызығушылық танытатындарға қызықты болады.

 


Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі

 

Сарыарқаның сәндік қолөнері және ою-өрнегі

 

Қарағанды 2019

 

Сарыарқаның сәндік қолөнері және ою-өрнегі. Кітап-альбом 

 

Кітап-альбомда «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыарқаның оның ішінде Қарағанды облысының бірнеше аудан-ауылдарын аралап «Сарыарқаның сәндік қолөнері және ою-өрнегі» ғылыми-зерттеу, іздеу экспедициясы жүргізілді. Экспедициця Қарағанды облысының бес ауданында жүргізілді, соның нәтижесінде жиналған материалдар мен фото материалдар, қолөнер шеберлері жайлы мағұлматтар ұсынылды, сонымен қатар музей қорына жәдігерлер сатып алынды.

Кітап-альбом өнертанушыларға, тарихшыларға, осы салада білім алып жатқан студенттерге,  мәдениеттанушыларға, қол өнер шеберлеріне, ағаш шеберлеріне, зергерлерге,  сәндік-қолданбалы өнері қызықтыратын жалпы көпшілікке арналған.

         

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі

 

 

 

Сарыарқаның сәндік қолөнері және ою-өрнегі. Кітап - альбом 

 

Жоба жетекшісі:

Құдабаева Б.С.-Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің басшысы

 

Ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысушылар:

Құдабаева Б.С.

Елубаева М.А.-ғылыми-әдістеме бөлімінің меңгерушісі

Кадыркулова Д.Ж.-бас қор сақтаушы

 

Мәтінді құрастырған: Елубаева М.А.

 

Фотосуретке түсірген: Кудеринов Тимур

Аудармашы: Искакова Д.Е.

 

Фотограф: Кудеринов Тимур

Переводчик: Искакова Д.Е.