Біз туралы жазады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Алғашқы» атты ерекше көрме ашылмақ. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, көрмеге қуғын-сүргінге ұшырап, Қарағанды жеріне табан тіреп, осы жерде шығармашылықпен айналысқан суретшілердің туындылары қойылып, ел назарына ұсынылатын болады.
Қарағандыда Наурыз тойлау басталды. 15 наурыз бейнелеу өнері мұражайында оқушылар үшін музейлік сабақ өткізіліп, көрме ашылды. Ал, өлкетану-тарихи музейінде «Атадан қалған ұлы мұра» этнографиялық жобасы ұсынылды.
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Марьяна Макееваның «Менің көктемім туралы» атты көрмесі ашылды. Онда суретші өзінің 60 жұмысын көрермендер назарына ұсынып отыр.
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында суретші Лилия Лукманованың жеке көрмесі ашылды.
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында суретші Жанат Комутовтың көрмесі ашылды.
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында түрлі халықтардың ұлттық киімдерінің көрсетілім өтті. Топтама «Шығыс» тақырыбында біріктірілді. Көрсетілім Наурыз мейрамына орайластырылды.
Қарағандылық суретші Равза Абусеваның «Тыныш жан жарқылы» деп аталатын жеке көрмесін облыстық бейнелеу өнері мұражайынан тамашалауға болады.
Экспозицияның ашылуы 27 ақпан 16.00.