Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында түрлі халықтардың ұлттық киімдерінің көрсетілім өтті. Топтама «Шығыс» тақырыбында біріктірілді. Көрсетілім Наурыз мейрамына орайластырылды. 


Костюмдердің авторлары – Қарағандылық сән колледжінің түлектері. Әр көктем сайын мұнда ұлттық киімдер топтамасын дайындайды. Биылғы жылы көрермендер этникалық, фольклорлық мотивтермен қатар заманауи сәнді үрдістерді де тамашалай алды.

- Біздің топтама "Шығыс"деп аталады. Онда корей, түрік, үнді, қытай, орыс және қазақ ұлттық киімдері ұсынылған, - дейді Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наталья Дегтярева.

Дефиленің фоны Наурыз мерекесіне арналған тақырыптық көрме болды. Экспозицияда мұражай қорынан 70-тен астам сәндік-қолданбалы өнер заттары қойылған. Бұл ас үй бұйымдары, музыкалық аспаптар, зергерлік бұйымдар, текеметтер, сырмактар, сондай-ақ ат бұйымдары.

- Бұл біздің Наурыз мерекесіне арналған дәстүрлі көрмесі. Ол рухани мереке, бірақ қазақ халқының материалдық мәдениетімен тығыз байланысты. Біздің көрмеде ұсынылған киіз үй – қазақтардың материалдық мәдениетінің квинтэссенциясы. Сондай - ақ мұнда киіз үйдің құрамдас бөліктерін, киіз бұйымдарын-кілемдер, сырмақ, текеметтер мен алаша көруге болады. Олар бірегей. Олардың арасында көне заттар да, заманауи суретшілер жасаған туындылар да бар. Көрмеге ұлттық зергерлік бұйымдар да қойылды, - дейді облыстық бейнелеу өнері мұражайының ғылыми қызметкері Айгүл Омарова.

Наурыз мейрамына арналған көрме Облыстық бейнелеу өнері мұражайында 25 наурызға дейін жалғасады.

Наурыз - шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылды қарсы алу мерекесі, күн мен түннің теңелу күнінде көктемгі жаңарудың ежелгі мерекесі. Сондықтан біз осы тамаша мерекені асыға күтеміз.

Қарағанды облысында Наурыз мейрамына 300-ге жуық түрлі іс-шаралар жоспарланған: қайырымдылық акциялар, көрмелер, конкурстар мен викториналар, концерттер, театрландырылған қойылымдар мен шерулер. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен спорттық жарыстар өткізіледі. Қала мен аудандарда 300-ден астам киіз үй орнатылады. Басты мейрам Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Мереке 22 наурыз күні сағат 12.00-де, жағажайда " Қош келдің, Әз Наурыз!" бағдарламасымен ашылады.