Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында суретші Лилия Лукманованың жеке көрмесі ашылды. 


- Жыл сайын біздің мұражай жаңа есімдерді таныстырады. Осы жолы біз көрермендер назарына Лилия Лукманованың жеке көрмесін ұсынамыз. Ол тамаша суретші, сондай-ақ педагог және жазушы, - дейді мұражайдың аға ғылыми қызметкері Назерке Жартын.

Өнертанушылардың айтуынша, Лилия Лукманованың туындылары жарқын әрі қуанышқа толы болып келеді. Пасторальды сарында салынған романтикалық пейзаждар тартымды дөңгелектелген композициялардан құрала отырып, балалардың калейдоскопы немесе камера-обскурдегідей сурет айналып тұрған сыңайлы әсер береді. Бұл суретшінің картиналарына ерекше сиқыр мен ғажайып сыйлайды жәнеде оның барлық суреттері бақытқа толы. 

- Маған жарқын бояулар ұнайды. Мен балалар кітаптарының иллюстраторы болғым келді,бірақ ата-анамның талабы бойынша басқа мамандықты таңдадым. Мамандығым - орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі. 20 жыл бұрын Қарағандыға келдім. Мен сурет салғанда, музыка қосамын, негізінен аспаптық, классикалық музыка тыңдағанды ұнатамын. Сондай-ақ, мен өлең, проза және тіпті фантастика жанрларында шығармалар жазамын. Көптеген адамдар бояуларды араластырып көр дейді. Солай жасап көріп едім, маған ұнамады. Бұрын мен кішкентай суреттер салдым, енді үлкен туындылар жазғым келеді. Қазір тек кескіндемемен айналысамын, - дейді суретші Лилия Лукманова.

Оның гүлді натюрморттары түс пен жарықтың берілуінде жеңілдік және сезімділігімен, сондай-ақ автордің өзі сезінетін жоғары эмоциялармен ерекшеленеді. Суретшінің кейбір туындыларын армандар, қиял-ғажайып суреттер, әуенді суреттер деп атауға болады.

Суретші өз көрермендеріне Көркем өнер – менің әнім, мен оны мүмкіндігімше орындаймын» дейді. 

Лилия Лукманованың «Болмыс шаттығы» атты көрмесі 24 сәуірге дейін жалғасады.

Лилия Михайловна Лукманова Башқұртстанның Шаран ауылында дүниеге келген, бес жыл бойы пионерлер үйінің жанында тамаша суретші-педагог Г. Г. Фаткулиннен сурет салуды үйренген. Мектептен кейін инженер-мұнайшы, кейінрек Башқұрт мемлекеттік университетінде филолог дипломын алды. Бірақ Лилия Лукманованың өнерге деген құштарлығы ешуақытта өшкен емес. Оның барлық педагогикалық қызметі бейнелеу өнері мен поэзиямен байланысты болған. Бір кездері Лилия Октябрь Фарфор бұйымдарының зауытында фарфорды безендіру бойынша суретші болып жұмыс істеген. Сол кездегі жұмысы оның әрі қарайғы шығармашылығына із қалдырған, қылқаламмен жұмыс істеуді үйренген.