Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Марьяна Макееваның «Менің көктемім туралы» атты көрмесі ашылды. Онда суретші өзінің 60 жұмысын көрермендер назарына ұсынып отыр.
- Мен осыған дейін де қөз жұмыстарымды көрмеге қойған болатынмын, бірақ ол Суретшілер Одағының топтық көрмелерінде болған. Осындай ауқымда алғаш рет ұсынып отырмын. Бұл менің алғашқы жеке көрмем деп айтуға болады. Сутер салуды бес жасымнан бастадым. Мен әрдайым сурет салуды ұнататынмын. Әрине, барлығын тастап кеткім келген сәттер де болды. Алайда анам ісімді жалғастыру керектігіне сендіріп, жігер сыйлаған болатын. Сол үшін оған алғысым зор. Бұл көрменің атауын анам ұсынды. «Менің көктемім туралы» - Анна Ахматованың өлеңінен. Мұнда менің соңғы 60 жұмысым қойылған. Ең алғашқы туындыларым 2013 жылы салынған. Бұл суреттерден түрлі сюжеттерді көруге болады, негізінен бұл жанрлық композициялар, қағаз, акрил техникасында орындалған, - дейді Марьяна Макеева.
Көптеген жылдар бойы суретші тек қана графикамен айналысты, қағазға өсімдіктер, жәндіктер, құстар, , алғашқы қарға қуанатын, жұлдызды аспанды тамашалап тұрған періштелерді бейнелеген. Балалық шақтың «кішкентай» әлемі суретшіні ұзақ уақыт құшағында ұстап тұрды. Қазір де суретші сол шақпен қоштасқысы келмейді. Мұның бәрін оның суреттерінен көруге болады.
- Марьяна – шығармашылық адам. Бұл көрмеде ол қалай өзгергенін байқатады. Оның суреттерінде адам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін көруге болады. Және бұл бүкіл әлем ол үшін тірі жан секілді. Сондықтан мұнда үйлер де, шөптер де, машиналар да - олардың барлығы тірі тіршілік, әркімнің өз сипаты бар, - дейді өнертанушы Наталья Иванина.
Марьяна өзінің шығармашылығында метафораға жиі жүгінеді. Сондықтан жайлылық формуласына киіз үй, ағаштағы құс ұясы, даланың көрінісі енгізілген, ал сол жерде тұратын шөптерді, құстар мен жәндіктерді ол даланың жүрегі деп санайды. Өз жұмыстарында суретші мейірімді көршілер, ескі саяжай, қобыз сиқыры, мамыр айындағы бақша бейнесі, түнгі балықшы туралы, өмірге деген талғамын жоғалтпаған адамға қызықты нәрсе туралы айтады. Оның шағын композицияларын ұзақ қарауға болады – олар бейнеленген мән-жайларды нақтылап, қуаныш пен көңілді энергия сыйлайды.
«Менің көктемін туралы» көрмесі облыстық бейнелеу өнері мұражайында 4 сәуірге дейін жалғасады.