25 сәуір күні сағ 16.00 қарағандылық жас суретші Еркебұлан Молдабековтың «Жандану» атты көрмесі ашылды. Автор Қарағанды қаласында кәсіби білім алған, көптеген шығармашылық конкурстардың дипломанты және қатысушысы. Автордың айтуы бойынша ең көлемді конкурс ол Бұқар жыраудың 350 жылдығына арналған логотипті жасап жеңімпаз атануы.

 

Көрмеде дизаинерлік  панно, танымал боксшылардың акварель техникасында салынған портреттері, табиғат тақырыбындағы кесіндемелік жұмыстар сериясы, сонымен қатар авторлық карикатура. Көрмеде 50-ге тарта жұмыс бар.  Көрменің ашылуына БАҚ өкілдері қатысты. Автордың туысқандары, әріптестері және суретшілер қатысты.

 

Бұл көрмедегі жұмыстар сатылады; сатылған жұмыстан түскен қаржының жартысы Аружан Саинның «Милосердие» қайырымдылық қорына аударылады.