12 маусымда Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен «Үміт-2019» суреттер мен қолөнер бұйымдарының облыстық байқау-конкурсының ашылу салтанаты өтті
Қарағанды қаласының құрылғанына 85 жыл толу құрметіне арналған көрмеде жазасын өтеушілердің өмір жайлы ой-толғамдарын, қоршаған ортаға деген көзқарастарын білдіретін шығармаларымен, өнердің қылмыс жасаған адамның ішкі жан-дүниесіне тигізетін әсерімен танысып қайтуға болады.
Көрменің ашылуына ДУИС қызметкерлері, БАҚ өкілдері, ҚР ІІМ Б.Бесенұлы атындағы Қарағанды Академиясының студентері және суретшілер мен өнер сүйер қауым жиналды.
https://muz-kar-izo.kz/kz/009641/416-informatsiya-ob-otkrytii-vystavki-mit-2020.html#sigFreeIda8dc7792f0