14 сәуір күні Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Музей арт-терапиясы» аясында «Творческая Караганда» әдеби альманахтың тұсаукесері өтті. Альманахты «Твой остров» шығармашылық бірлестігі шығарды және Қарағандының және облыстың 70 авторының әдеби шығармашылығы енген.
Тұсау кесер Қарағанды Суретшілер Одағының көктемгі көрмесінің фонында өткізілді. Қатысушылардың пікірінше көрменің тақырыбы шарада оқылған өлеңдердің тақырыбымен тамаша үйлесім тапқан.
Бұл шараға тек жас ақындармен прозашылар қатысқан жоқ сонымен қатар аға буын өкілдері де қатысты (В.Боженко, Т.Ерёмина, И.Елефтериади, И.Варыгина және т.б.).