Қарағанды қаласының мерейтойы циклы аясында 30 қаңтар күні Дәулет Әбдірахмановтың «Калейдоскоп. Қарағанды балалар көзімен» көрме жобасы ашылды.
Экспозицияның негізі уақыттың шағын-калейдоскобы қабырғадағы стендтер, әр түрлі заттар-символдар, плакаттар, фотосуреттер, открыткалар, төсбелгілер (значки), сол және өзге де уақыттың құжаттары және тағы да басқа атрибуттары.
«Қарағанды 30-шы жылдары», «Қарағанды – кеншілер астанасы», «Қарағанды және Қарлаг», «Қарағанды өндіріс және мәдениет ошағы», «Заманауи Қарағанды» - бұл тақырыптардың барлығы әр түрлі инсталляциялармен және фотографиялармен көрсетілген, бір үлкен калейдоскопқа келіп тоғысады, ол бізге автордың көзімен қаланың қайталанбас бейнесін беріп тұр.
Ең маңыздысы, көрменің жартысы 8 ден 17 жасқа дейінгі жас фотографтардың жұмыстарынан тұрады. Балалар шығармашылығы, оның ішінде фотографиялар, әрқашанда өзінің өмірге деген көзқарасымен әрі шынайылығымен, қайталанабайтындығымен әрі ұшқыр қиялымен ерекшеленеді.
Көрменің ашылуында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.М.Ағымбаев, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің басшысы Б.С.Құдабаева, өнертанушы Н.И.Иванина, СО мүшесі В.А.Троценко және жас суретшілер мен ата-аналар сөз сөйледі.
Көрме 12 ақпанға дейін болады.
https://muz-kar-izo.kz/kz/suretshilerdi-zheke-k-rmesi/276-kalejdoskop-ara-andy-balalar-k-zimen.html#sigFreeId7e31325f79