Музей педагогикасы

8 мамыр күні сағат 15.00-де Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Ұлы Жеңіс күніне, Совет Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтың 100 жылдығына орай «Нүркен Әбдіров – көк аспанда қалықтаған Сарыарқа сұңқары» атты музей сабағы өткізілді.

12 сәуір күні сағат 12.00 де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қарғанды облыстық бейнелеу өнері музейінің 30 жылдық мерей тойына орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде № 68 МИББ кешенінің 7 «Б» сыныбы оқушыларының қатысуымен Қазақстан тарихы пәні бойынша «Көшпелілердің материалдық мәдениетті» атты музей сабағы өтті.