12 сәуір күні сағат 12.00 де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қарғанды облыстық бейнелеу өнері музейінің 30 жылдық мерей тойына орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде № 68 МИББ кешенінің 7 «Б» сыныбы оқушыларының қатысуымен Қазақстан тарихы пәні бойынша «Көшпелілердің материалдық мәдениетті» атты музей сабағы өтті.
Бұл сабақтың басқа музей сабақтарынан ерекшелігі, мектептерде 5 және 7 сыныптарда енгізілген жаңа оқу бағдарламасының негізінде өтпек. Музей сабағы барысында аталмыш бағдарламаға сәйкес, «Топтастыру», «Лездеме», «АКТ», «Түрткі сұрақтар», «Топтық жұмыс», «Құрастыр, одан кейін жауап бер», «Жеке жұмыс», «Мадақтау», «Бесбармақ», «Жылы шырай таныту», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш шапалақ» сияқты жаңа әдістерді қолдану арқылы болды.
Нәтижесінде, 1. Көшпелілердің материалдық құндылықтарына жататын баспана салу, қыш құмыра жасау, металл өңдеу, сауда мен ақша айналымы туралы ақпарат алды.
- Материалдық мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарға нелер жататындығын түсінді.
- Көшпенділік пен отырықшылықтың артықшылықтарын ажырата алды.
Музей сабағының мақсаты, осы тақырыпқа байланысты көшпенділердің материалдық мәдениетне тән, тұрмыстық заттары, киім-кешегі, зергерлік бұймдары мен ат-әбзелдері сияқты музей қорындағы жәдігерлерден тұратын экспозиция арқылы оқушылар оқулықтан оқып қана қоймай, көздерімен көріп, қолдарымен ұстау арқылы әсер алу болмақ.
Экспозицияда музей қорынан, 19 ғасырға тән күйіз үй мен оның жабдықтары, 18-19 ғасырлардағы тұрмыстық заттар, 19 ғасырға тән ұлттық киімдер мен зергерлік бұймдар, 19-20 ғасырда жасалған ат әбзелдерімен ер-тұрманның бірнеше түрлері (ер адамға арналаған ер, әйел адам,а және балаға арналған ер) болмақ. Музей жәдігерлерінің барылғына дерлік авторы белгісіз, халық шеберелеренің қолынан шыққанын тілге тиек етпекпіз.
Музей сабағына «Орталық Қазақстан», «Қарағанды облысының әкімдігінің ақпараттық орталығының» тілшілері қатысты.