8 мамыр күні сағат 15.00-де Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Ұлы Жеңіс күніне, Совет Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтың 100 жылдығына орай «Нүркен Әбдіров – көк аспанда қалықтаған Сарыарқа сұңқары» атты музей сабағы өткізілді.


Бұл музей сабағына Ұлы Отан соғысының батыры Нүркен Әбдіровтің немере інісі Әбдіров Әубәкір Сәрсенұлы және   Мартбек Мамыраевтың қызы Мамыраева Клара Мартбекқызы қатысады. Музей сабағының негізгі мақсаты мектеп оқушыларын  Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.


Музей сабағына №58 мектептің Кадет сыныбының оқушылары қатысты.