Перламутрмен қапталған корейлік ағаш бұйымдарының бай тарихы бар, оның тамыры Корё дәуірінен (918-1392) бастау алады. Нахвакчхиль деп аталатын перламутрмен қаптау өнері осы кезеңде басталып, корей эстетикасының символына айналды. Вазалар, сандықшалар және басқа заттарды қолөнершілер қолмен жасаған, олар қолөнер құпияларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.
Музейіміздің қорындағы Корей халық сәндік қолданбалы өнері перламутрмен көмкерілген ағаштан жасалған бұйымдар (ваза мен сандықша сияқты) сақталған. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы бұл бұйымдар өзінің ерекше стилімен және Корей халық эстетикасының ерекше дизайнымен таң қалдырады