Городец өрнегі – ХІХ ғасырда Еділдің Городец қаласында пайда болған дәстүрлі орыс халық өнері. Бұл өрнек техникасы ағаш бұйымдарын безендіру үшін қолданылады: жиһаз, ыдыс-аяқ, ұршық және басқа заттар. 

Городец өрнегі гүлді ою-өрнектерді, жануарларды және жанрлық тақырыптарды бейнелеу арқылы танылады. Ең танымал гүл үлгілері, жапырақтары бар гүлді қарапайым өрнектер.

Городец өрнегінің ою-өрнектері, әдетте, бұйымның бүйірлерінде, мысалы, нан қорапшаларында, қақпағы гүлмен, ал бүйірлері гүлді әшекейлермен безендіріледі.

Өрнектердің негізгі түрлері: гүл шоқтар, гүл тізбектер, ромбтар, жолақтар, гүлдестелер. Танымал сюжеттерге отырыстар, шай кештері, мерекелер және қазіргі өмірдің эпизодтары кіреді. Көбінесе құстар мен атақты Городец жылқысы мен шабандозды бірге бейнелейді.

Городец өрнегін жасау технологиясы хохлома өрнегіне қарағанда қарапайым болып келеді. Алдымен композицияның эскизі қарындашпен тегістелген бетке жасалады. Содан кейін сурет бояулармен боянады: алдымен ашық түстер бояуын түсіреді, оларға жапырақшалар мен бітеугүлдер сияқты күңгірт тсүтес элементтер қосылады.

Соңғы кезең суретті дәлдікпен бояу үшін жұқа қылқаламды пайдаланып ақ және қара бояумен нүктелер мен бояу түсіруді қамтиды. Кептіруден кейін өнім лакпен қаптайды.

Музейіміздің қорында Соколова Александра Васильевна (1947 т.ж.), Кубаткина Лидия Александровна (1942 т.ж.) және Колесникова Вера Александровна (1963 т.ж.) сияқты Нижний Новгородттылық Ресейдің еңбек сіңірген суретшілерінің городец өрнегі техникасында орындалған жәдігерлері сақталған.  Бұл жәдігерлер 1991 жылы сатып алынды. Олардың ішінде: «Шай ішу» сандықша (1989), «Серуендеу» қобдишасы (1991) және «Алғашқы бал» қобдишасы (1991).

Туындылар дәстүрлі городец өрнегі техникасында орындалған. Жарқын, қарапайым өрнектер орыс халқының жанрлық тұрмыс көрінісіне және бояу түстерінің байлығына толы.