Жыл сайын осы күнге орай музей қабырғасында балалар арасында сурет байқаулары, көрмелер, концерттер және тағы басқа іс-шаралар өткізіледі. Биылғы жылы біздің музей балалар мен жасөспірімдер клубтары мен өнер студияларының балаларына музей сабақтарын өткізуде. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің құрылу тарихымен, сонымен бірге геральдика - елтаңба мен ту туралы ғылыммен танысады.

Іс-шараға @art_school.krg мектебі белсенді қатысты. Жаңадан бастап жүрген суретшілер өздерінің плэнерін Мемлекеттік рәміздердің элементтері бар урбанистік пейзажға - Тәуелсіздік стелласы мен Фонтандар Каскадына арнады.