ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МУЗЕЙІ
КАРАГАНДИНСКИЙ ОБЛАСТНОЙ МУЗЕЙ
ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА
10 қаңтар 2020 жылы 16.00 де Қарғағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналаған «Дана Абай, дара Абай» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздеген.
Көрменің ашылу салтанатына қаламыздағы №39 Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның 6 сыныбы оқушылары, №16 ЖББОМ 2 сынып оқушылары және де Абай қаласының №10 гимназиясының 2 «Б» сыныбының оқушылары мен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің филология Факультетінің 2 курс студенті Жұман Бектас ақынның өлеңдері мен қара сөздерін орындады.
Іс-шара жиналған барлық қатысушы мектеп оқушыларының флешмобымен аяқталды. Онда Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін барлығы бірге оқыды.
Экспозицияда музей қорынан алынған 40-тан астам Абай Құнанбайұлының портреттері мен шығармаларына арналған кескіндемелік және графикалық туындылар қойылған.
Ұлы ақынға арналған іс-шара өз жалғасын «Дана Абай, дара Абай» атты музей сабақтарымен таппақ.
Көрме 20 қаңтарға дейін жалғасын табады.
https://muz-kar-izo.kz/kz/zhanaly-tar/476-dana-abaj-dara-abaj.html#sigFreeIdbc3a62c014