Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде 15 наурыз күні сағ 11.00-де Дәстүр сөйлейді «Ашамайға мінгізу» дәстүрі бойынша шара өткізілді.
Музей залы музей қорынан жартылай құрылған киіз үймен және оның бұйымдарымен, сәндік қолөнер бұйымдарымен мерекеге сай безендірілген. 19 ғасырдың екінші жартысында жасалған зергерлік бұйымдар да бар. Инсталляция «Көш», «Дала эллегиясы».
Шара барысында ата –бабамыздан келе жатқан, бүгінгі күнде ұмыт болып бара жатқан «Ашамайға мінгізу» салты көрсетілді. Бүкіл ауыл болып осы Ашамайға міну мерекесін ән мен жырдан шашу шашып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап тойлады. Қызыр ата келіп балалар мен келген қонақтарға «Наурыз» бата және «Ашамайға мінгізу» батасын берді. №16 Жалпы білім беру мектебінің оқушылары, ұстаздары, ата-аналар қатысты.
«Хабар» республикалық телеарнасы болды.
https://muz-kar-izo.kz/kz/zhanaly-tar/306-ara-andy-oblysty-bejneleu-neri-muzeji.html#sigFreeIdf926dd9c91