24 мамыр күні «Музей арт-терапиясы» жобасы аясында және Жастар жылына орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «AD ASTRA» жыл сайынғы альманахтың тұсаукесері болды, бұл альманахты №38-ші гимназия 19 жыл қатарынан шығарып келеді.
Альманахта өткен оқу жылындағы оқушылардың шығармашылығы-тақпақтар, әңгімелер, эссе, иллюстрация, альманахтың компьютерлік дизайынын да балалар өздері жасайды.
Тұсау кесер барысында музей көрмесінің фонында оқушылар ән салды, тақпақ айтты, әңгімелер айтты, сонымен қатар викториналар жүргізіліп бейнелеу өнері тақырыбына квест жүргізілді. Альманахтың үздік авторларына кітаптар табыс етілді.
https://muz-kar-izo.kz/kz/m-razhaj-art-terapiyasy/401-38-gimnaziya-debi-k-rkem-almanakhty-t-saukeseri-zhajly-a-parat.html#sigFreeIdb78488b041