2019 жылдың 23 мамыры сағат 17.00-де Қарағанды Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Шығармашылықтың ғажайып әлемі» атты балалар-жасөспірімдер шығармашылығы көрмесінің ашылуы өтті. Көрме экспозициясына Қарағанды қаласы Балалар мен жеткіншектер сарайы бірлестіктері «Ала гүлдер» үлгілі бейнелеу өнері студиясы (75 жыл) және «Творчество» үлгілі сәндік-қолданбалы өнер студиясы (50жыл) сонымен қатар, «Алтын маржан» балалар шығармашылығы Студиясы (8жыл) тәрбиеленушілерінің жұмыстары ұсынылады. Көрмеге барлығы 790 жұмыс ұсынылған.