Түлек  2022

 

ПРЕСС – РЕЛИЗ

 

2022ж. 22 маусым  сағат 11.00  «№1 балалар көркемөнер мектебін» бітіргені туралы куәлік салтанатты түрде табысталады.

 

2022ж. 20 маусымында Облыстық бейнелеу өнері мұражай қабырғасында Қарағанды қ. «№1 балалар көркемөнер мектебі» түлектерінің шығармашылық жобасын қорғау қорытындысы өтті. Мұражай мектеп оқушыларының қорытынды жұмыс кезеңінде салтанатты жағдай мен ерекше маңыздылыққа мән береді. Бұл қарым-қатынастың баға жетпес тәжірибесі мен оқушыларды өнерге тікелей байланыстыратын жол болып табылады.  

Көптеген жылдар бойы «Түлек»  жобасында «БКМ» мен мұражай арасында шығармашылық ынтымақтастық жалғасуда. Мектептің оқушылары кең аудиторияда ата-анасы мен курстастары  алдында өз жұмыстарын қорғайды. Бұл, бір мезгілде педагогтар мен оқушылар емтихан болып саналса, мектептің оқу қызметінің нәтижесі бойынша есеп беру көрмесі болып табылады.  Экспозицияда ұсынған қорытынды жұмыстар - құрылым, мүсін пәндері бойынша.

Кейінгі жылдар экспозициясын салыстырсақ, ақырындап оқушылар мен олардың педагогтардың ойлары толығып келеді. Мектеп ең алдымен  баланың шығармашылық бастамасын жетілдіру, эмоционалды және эстетикалық қарым-қатынас жасауға ойластыру, ақыр аяғында өз бетінше, шығармашылық тұрғыдан ойлауға мүмкіндік береді.

Балалардың жұмыстары аралас, әртүрлі техникада, әртүрлі стильде орындалған. Көптеген жұмыстар мен картиналар  біздің керемет өлкеге оның ішінде көпұлтты және әртүрлі дәстүрлерге арналған. Бұл тәртіп пен оқушылардың патриотизм рухында, мақтаныш пен туған жерге деген сүйіспеншілікті көрсетеді.

Айта кету керек, әр баланың жұмысында мұғалімнің басшылық шеберлігі, кәсіби қолдауы, шығармашылық тұлғаның қалыптасуына үлкен әсер еткені сезіледі.

«Түлек 2022»  4-х курс оқушыларын дайындаған жетекші педагогтар : Кириченко А.Р., Хитровой М.В., Кенесбаевой Д.Т. Олар шабыттандырушы, шығармашылыққа ой тастап, шеберлік пен түлектердің шығармашылық тұлғасын қалыптасыруда баға жетпес үлес қосқан педагогтар.

Көрме 2022 жылдың 16 нен 26 маусым аралығында өтеді.