1 - нен 16 ақпан аралығында музейде Қазақстандық суретші, кескіндемеші Д.Р. Калачевтің көрмесі өтуде. Калачев Дмитрий Романович (1922 - 1991) - Қазақстандық суретші, Ұлы Отан соғысының қатысушы, КСРО медальдарымен марапатталған батыр, 1955 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Ол Кемерово облысы, Прокопьев ауданы, Калачёво ауылында дүниеге келген. 1950 жылы Алматыға көшіп, Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің үш курсын А.М. Черкасский мен Л.П. Леонтьевтің жетекшілігімен 1944 - 1946 жылдары тамамдады.
Біздің музей қорында оның 10 жұмысы сақталған: «Құрбылар» (1962), «Қазақстан магниткасы» (1974), «Лениногорск кен орны» (1972), «Шекарада» (1964), «Танк өтпейді» (1985), «Милицияның аға инспекторы Кабылбеков» (1973), «Шлюз құрылысы» (1961), «Шығыс Қазақстандағы геологтар» (1974), «Бұқтырма СЭС» (1980), «Далада» (1958).
Дмитрий Романович Калачевтің шығармашылығы Қазақстан бейнелеу өнерінің, әсіресе өндірістік пейзаж және портрет жанрларының дамуына елеулі үлес қосты.