БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің көрме залында 2021 жылы 10 қыркүйек күні сағат 16.00-де. Қарағандылық суретші Райымқұл Есіркеевтің 100 жылдығына арналған еске алу көрмесі ашылады.
Есіркеев Райымқұл - суретші-кескіндемеші, Ұлы Отан соғысының ардагері негізінен пейзаж және портрет жанрларында еңбек етті. Райымқұл 1921 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. 1980 жылы дүниеден өтті.
Есіркеев - Қарағанды қаласы бойынша кəсіпқой суретші атағына ие болған қазақ ұлтынан шыққан алғашқы суретші.
Экспозицияға суретшінің музей қорындағы шығармаларымен қатар суретшінің ұлы Мейрам Есіркеевтің шеберханасының жеке қорынан алынған 50 ге жуық туынды қойылған.
Көрме 2021 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жалғасын табады.