Жаңалықтар

Төрт жыл көзді ашып жұмғандай өте шықты. Бүгін біз сіздерге біздің түлектеріміздің жұмысын ұсынамыз. Алдарыңызда №1 балалар көркемөнер мектебі 4 курстың дипломдық жобаның көрмесін ұсынамыз, бұл Қарағанды қ. Облыстық бейнелеу өнері мұражайының қабырғасында өтуде.

3 мамыр күні 14.00-де №25 орта мектебінің орта буын оқушылары үшін «Ұлы даланың жеті қыры» музей сабағы өткізілді. Музей сабағында музей қорынан кескіндеме, графика, қолөнер шығармалары қолданылды. Музей сабағының негізгі мақсаты ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын және ондағы міндеттерді түсіндіру болды.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде 15 наурыз күні сағ 11.00-де Дәстүр сөйлейді «Ашамайға мінгізу» дәстүрі бойынша шара өткізілді.