Қазақстан Республикасында 31 мамыр ашаршылық пен қуғын сүргінге ұшырағандарды еске алу күні болып саналады, бұл біздің еліміздің ең қасіретті беттерінің бірі. Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі, қорында қуғын-сүргінге ұшыраған суретшілер шығармалары бар,  осы даталы күнге орай музей бірнеше шаралар өткізді. 


30 мамыр күні К.С.Станиславский атындағы орыс драма театрында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі қуғын сүргінге ұшыраған суретшілердің шығармаларынан көрме ұйымдастырды, А.С.Грибоедов атындағы Тбилиси мемлекеттік академиялық орыс театры «А.Л.Ж.И.Р» спекталкін қойды.


31 мамыр Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі «Болашақ»


Академиясымен бірігіп ұлы ғалым, биофизика мен ғарыштық медицинаның негізін қалаушы, Нобель сыйлығының номинанты, профессор, ақын және суретші ХХ ғасырдың Леонардо да Винчиі- А.Л.Чижевскийдің мемориальды тақтасының ашылу салтанатына қатысты. Бұл тақта Ленин көшесі 17 үйдің қабырғасына орнатылды, ғалым ГУЛАГ та сталиндік қуғын сүргінге ұшырап 8 жылын өтеп келген соң Қарағанды қаласында осы үйде тұрған. Профессордың тұрған мекен жайын Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің ғылыми қызметкерлері музей қорындағы ғылыми - көмекші қордың арқасында анықтаған болатын.


Сонымен қатар А.Л.Чижевскийге арнап ашылған құрмет тақтасының ашылу салтантында оның картиналарынан көрме жұмыс жасады, бұл көрмені қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі ұйымдастырған болатын. Көрермендер ғалымның сурет өнеріндегі шебер туындыларын өз көздерімен көріп акварельмен салған пейзаждарын  тамашалай алды. Музей қорында ұлы ғалымның 19 жұмысы бар.


Жүргізуші сөзін аяқтамастан А.Л.Чижескийге арнап орнатылған тақтаның бетіне жабылған жайма өзі ашылып түсті, сөйтіп барельеф көрермендер назарына ұсынылды, мұны орындаған қарағандылық суретші  В.Арент. Тақтаның ашылуына қаламыздың байырғы тұрғындары қатысты, Қарағанды қаласының интелегенция өкілдері, мәдениет өкілдері мен жастар және БАҚ өкілдері  қатысты.