Қарағандыда «Шығармашылықтың ғажайып әлемі» атты көрме ашылды

Бейнелеу өнері мұражайында «Шығармашылықтың ғажайып әлемі» атты көрме ашылды. Онда балалар мен жеткіншектер сарайы тәрбиеленушілерінің 790 сурет, мүсіндер және сәндік-қолданбалы жұмыстары ұсынылды.


Экспонаттарды «Ала гүлдер» бейнелеу өнері студиясының, «Творчество» сәндік-қолданбалы өнер және «Алтын маржан» балалар шығармашылығының оқушылары жасады.

- Мұндай көрме жақсы дәстүрге айналды. Ол жаңа жұлдыздарды шеберліктің шыңына шығарады, - дейді ұйымдастырушылар. 
«Ала гүлдер» бейнелеу өнерінің үлгілі студиясы – алғашқы шығармашылық ұжымдардың бірі. Оған биыл 75 жыл толды. Бұл үйірме пионерлер үйінің базасында соғыс жылдары құрылған. 1953 жылы студия мәртебесін алды. Осы жылдар ішінде студия көптеген жас қарағандылықтарға шығармашылықтың сиқырлы әлемін ашты. Кейбір оқушылар үшін бейнелеу өнері негізгі мамандықтарына айналды. 

Балалар түрлі жанрда шығармалар жасайды: кескіндеме, сурет, графика, мүсін, станоктағы және қолданбалы композициялар. Осы оқу жылындағы жаңалық компьютерлік кесте бойынша сабақтар жүргізу болды. Қазір «Ала гүлдер» студиясында 4 жастан 18 жасқа дейінгі 290 бала айналысады. 
Бейнелеу өнері мұражайында студияның төрт тәрбиеленушісі - Вадим Таловскийдің, Алена Савкак, Полина Самошкина мен Василиса Форостьянованың жеке экспозицияларын көруге болады.

«Творчество» сәндік-қолданбалы өнердің үлгілі студиясы - халықаралық, республикалық, облыстық көрмелер мен байқаулардың жүлдегері, «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты, «Подводные фантазии» Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі медальінің алты дүркін иегері (Донецк), «Рух» Халықаралық қайырымдылық фестиваль-байқауының (Қарағанды), «Осенний звездопад» балалар және жастар шығармашылығының II Халықаралық байқау-фестивалінің (Қазан қ.), «Ақ бастау» халықаралық байқауыныңы (Қарағанды), «Өркен» республикалық көрме-байқауының жеңімпазы.

Мұнда балалар фитодизайнмен, аппликациямен және сабаннан тоқумен, тоқумен, кестемен, ши тоқыма және жасанды гүлдер дайындаумен айналысады. Көрмеге студияның 13 оқушысы - Эвелина Высоцкая, Екатерина және Дарья Зиновьевтар, Полина Крохмаль, Полина Стюф, Алина Муртазина, Дарья Горбенко, Анастасия Пучкова, Дарья Комлева, София Тесленко, Милана Леденская, Аружан Болатова, Сати Макашеваның жеке экспозициялары қойылды.
«Алтын маржан» балалар шығармашылығы студиясы 2011 жылы құрылды. Негізгі бағыттар - сурет негіздері, сюжеттік сурет салу, квиллинг, витраж, папье-маше, ағашқа сурет салу,батик, панно, карнавалдық маскалар, кәдесыйлар. Студияның тәрбиеленушілері бірнеше рет облыстық және республикалық деңгейдегі шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды


«Шығармашылықтың ғажайып әлемі» балалар-жасөспірімдер шығармашылығының көрмесі 2 маусымға дейін жалғасады.