02-Ақпан-2018 - Қарағандыда «ART THROUGH TIME» көрмесі ашылды

 

Қарағанды облысының әкімдігінің сайты

 

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында жас суретші Александр Клоковтың жеке көрмесі ашылды. Экспозиция «ART THROUGH TIME» деп аталады. Көрменің ашылуын арт-шоу стилінде Алина Дзес және SHYN вокалшыларының, содай-ақ Денис Ню мен Лия Құсайынова есімді скрипкашылардың қатысуымен өтті. Көрермендер үшін Александр Клоков өзінің шеберлік сыныбын өткізді.

 

- Негізі мен бұрындары өнерге осылай байсалдылықпен қарамайтынмын, тіпті №1 өнер мектебінде де дипломдық жұмысымды қорғағым келмеді, - дейді суретші. – Тіпті мұнымен ешқашан айналыспаймын деп ойлағам. Уақыт өте келе, колледжде оқып жүргенде бұл өнер түрі ұнай бастады.

 

Суретшінің өмірбаяны қысқа - №1 өнер мектебі мен Қарағанды гуманитарлық колледж. Александр эксперимент жасағанды ұнатады. Көрмеде оның «скетчинг» стиліндегі жұмыстары ұсынылды, бұл бағытты суретші қазіргі заманғы өнердегі көркем бағыттың дара түрі деп санайды.

 

- Бұл стильде сурет салуды мен колледждің екінші курсынан бастадым. Инстаграмда осылай сурет салатын суретшілерді тауып алдым, сонан соң шабыттанып, жаңа идеялар іздей бастадым, - дейді Александр Клоков.

 

Өзінің ең сүйікті картинасы акрилмен салынған бас сүйегі екенін айтты. - Менің өзіме қатты ұнайтын картина – ол бас сүйегінің бейнесі. Себебі ол менің крафт қағазға акрилмен және мастихинмен салған алғашқы туындым. Ия, мұнда бас сүйегі сәл қисық салынған, бірақ ол солай ойланған, - деп күледі суретші. – Акрилмен және мастихинмен мен жуырда ғана жұмыс істей бастадым, маған ол ұнады.

 

Александр Клоков өзінің 20 жаста болғанына қарамастан Суретшілер одағының орта буын суретшілерінің де жас суретшілерінің де көрмесіне қатысып үлгерді. Сонымен қатар «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне және «Жаз энергиясы» атты граффиттер конкурсына да қатысты. - Егер болашақ туралы айтар болсақ, келесі жылы мен бұдан да ауқымырақ көрме ұйымдастыруды жоспарлап отырмын. Мүмкін басқа қалаларда да болар: Астана мен Алматыда, - дейді Александр Клоков.

 

Скетчинг - бұл тез сурет салу техникасы. Ағылшын тілінен аударғанда "sketch"-этюд, нұсқалар, нобайлар дегенді білдіреді. Скетчинг техникасында сурет өте жылдам орындалады, бұл суретшіге белгілі бір уақыт аралығында жылдам нысанды суреттеп немесе идеясын жеткізуге ықпал етеді. Скетчингте қоладынлатын материал- спиртті негіздегі маркерлер, акварель, түрлі – түсті қарындаш, линерлер және т.б. материалдар.

 

Александр Клоковтың көрмесі облыстық Бейнелеу өнері мұражайында 10-шы ақпанға дейін жалғасады. Кіруі 200 теңге.

 

Құралай Көбенова