Бүгін қаламызда «Қарағанды шеберлер көзімен» тақырыбында көрме өтті. Аталмыш шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің 30-жылдығына орай ұйымдастрылды. Көрермендер назарына музей қорынан 80 шығарма ұсынылып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл туындылар Қарағандының қайталанбас ерекше образын сомдайды. Қала тұрғындары мен қонақтары көрмені қаңтар айының 24-і мен ақпан айының 12-ші жұлдызы аралығында тамашалай алады.