Қарағанды келбеті – көрмеде

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қарағанды шеберлер көзімен» атты көрме ашылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған экспозиция мұражайдың отыз жылдық мерейтойына арналған.

 

Көрмеде мұражай қорынан алынған 80-нен астам өнер туындылары ұсынылған. Жәдігерлер Қарағандының тарихы туралы сыр шертіп, шаһардың бейнесін сипаттайды. Көрермендер мұнда танымал қарағандылықтардың – кеншілер, құрылысшылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлерінің портреттік галереясын тамашалай алады.

 

«1934 жылдың 10 ақпанында кеншілер кенті қала дәрежесін алды. Қарағанды – көмір бассейні ретінде бүкілодақтық маңызға ие болды. Қаланың өсуі, даңғылдар мен көшелердің, сәулет ескерткіштері мен мүсіндердің пайда болуы – мұның барлығын өз қағаздарына П.Андреюк, П.Антоненко, В.Крылов, В.Буш, Г.Гилевский, С.Шкурацкий секілді суретшілер түсірген», – дейді көрме ұйымдастырушылары.

 

Әр заманда Қарағандының бейнелеу өнерінде кеншілер тақырыбы басым болып келген. Оны Р.Есіркеевтің, В.Шамшиннің, Ю.Камелиннің, Э.Селезневаның және В.Тюминнің туындылары¬нан көруге болады.

 

Көрме 12 ақпанға дейін жал¬ғасады.

 

Өз тілшімізден.