Облыстық бейнелеу өнері мұражайында қарағандылық суретші Ерлан Ғаймолдиннің жеке көрмесі ашылды.

- Жыл осындай тамаша көрмемен басталып отыр, сондықтан осы жыл жақсы оқиғаларға бай болады деп ойлаймыз, - деді облыстық бейнелеу өнері мұражайының директоры Бибігүл Құдабаева. - 2018-ші жылы біздің мұражайға 30 жыл толады, сондықтан барлық көрмелер мерейтойға арналатын болады.

Соның құрметіне біз жәнеде "Жаңа есімдер" жобасын ұйымдастыруды ұйғардық, оның шеңберінде көрермендер назарына суретші Ерлан Ғаймолдиннің туындыларын ұсынып отырмыз.

 

 

Бұл суретшінің көрмесі Қарағандыда ағаш рет ашылып отыр. Экспозиция 26 көркем жұмыстардан құралған. Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, автор бірегей, тіпті айрықша тәсілмен жұмыс істейді. Жұмыстардың тақырыбы қазақ халқының мәдениетімен және эпостарымен, сақтар мен түркі тайпаларының аңыздарымен, суретші-импрессионист Модильянидің шығармашылығымен, сондай-ақ заттардың табиғаты мен ғылым туралы бағдарламалармен байланысты. - Бұл менің екінші шығармашылық көрмем, біріншісі Астана қаласында өтті, - дейді Ерлан Ғаймолдин. - Мұнда менің жаңа жұмыстарым ұсынылған. Оларда Қазақстанның және қазақ халқының тарихы бейнеленген. Мен тарихты жақсы көремін, сондықтан негізінен менің картиналарымның тақырыбы да осымен байланысты болып келеді. Мысалы, "Оэлун" - ол Шыңғысханның анасы, ол қолында садақтың оқтарын ұстап тұр. Оның төртеуі - оның төрт ұлы, ал сынған оқ - қайтыс болған қызы.

Ерлан Ғаймолдин 1961-ші жылы 24-ші сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Гоголь атындағы Алматы көркем өнер училищесінде және Алматы Мемлекеттік театралды-көркем институтында (қазіргі Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы) оқыған.

Ерлан Ғаймолдиннің жұмыстарын Бұқар Жырау даңғылы, 76 мекенжайы бойынша орналасқан облыстық бейнелеу өнері мұражайынан тамашалауға болады. Көрме 14-ші қаңарға дейін жалғасады.