3 ақпан күні «Музей арт-терапиясы» жобасы аясында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде белсенді-қоғам мүшесі, психолог, эколог, музыкант және саяхатшы Дамир Каримовпен, адамның ақылға қонымды тұтыну мәселесінде жөнінде семинар өтті.
Нақты фактілер мен мысалдарды келтіре отырып Дамир Каримов мүмкіндіктер жайлы айтып өтті, отбасылық қаржыны үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау деген сияқты. Сонымен қатар Қарағанды қаласын ластанумен күл-қоқыстан тазалау мәселесі де сөз болды.