БАСПАСӨЗ-БАЯНЫ

 

09 наурыз 2022ж.

Сағ.15.00

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі

«Тәуелсіздік тұлғалары» ұлы дәуірге өзінің айшықты үнін қосқан отандастарымыз – ғалым, жазушы, композитор, дәрігер, спортсмендер, басқа да салалар саңлақтарына арналған  көркем портреттер көрмесі осылай деп аталады.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған экспозицияда дарынды суретші Таңсық Мәжитованың 60-тан  астам авторлық туындысы ұсынылып отыр.

Сирек қабілет иесі өз кейіпкерлерін бейнелеп қана қоймай, олардың ішкі жан-дүниесіне үңіліп, характерлерін айшықтау үшін тұлғаны натурадан салу арқылы, даңқты жылдар кеңістігін көз алдыңызға әкеледі.

Іс-шараны ҚР  Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырды.

Байланыс телефоны: 47-97-50,  47-91-85