Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры - республикамызда оперетта жанры бойынша театрдардың бірегейі болып табылады.       

      

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры өзінің бiрiншi театр маусымын 1973 жылдың 16 қарашасында И.Дунаевскийдің «Вольный ветер» опереттасымен ашты.  Театрдың көп жылдар бойы қалыптасқан дәстүрі бар. Бұл оперетта театры, сондықтан да оның өзіне тән сахна рухы, көркемдігі, нәзіктігі мен әсемдігі сақталған. 45 жыл бойы театр спектакльдер мен концерттік бағдарламаларды шығаруда көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Театр өз тарихында гастрольдік сапармен Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина,  Беларусь, Тәжікстан, Қытай елдерінің 200-ден астам қаласында өнер көрсетті. Барлық жерде театр қойылымдарын және талантты ұжымды ынта-ықыласпен қабылдады.
 

Репертуарында 280 астам қойылымдары бар,  соның ішінде қазіргі заманауи және әлемдік классикалық опереттаның маржаны. Бірақ театр әлеуетін анағұрлым айқындатып және оның өздігінен сахынада мюзиклді шоу, балет, опералар, жеке концерттер, романс кештерді, маңызды күндерге арналған мерекелік бағдарламаларды әрі қызықты етіп жүзеге асырады.Репертуардағы жанрдың өзіндік ерекшелігі театрдың басынан бастап әртүрлі музыкалық жанрларға жүгінгенін көрсетеді, бірақ бастысы - опереттадан шықпады. Труппада 150-ден астам әртістер бар, бірақ бүкіл театр ұжымы- шамамен 300 адамды құрайды. Театрда барлығы ҚР еңбек сіңірген қайраткері – 2, халықаралық байқаулардың лауреаты-4, халықаралық фестивальдер дипломанттары-4, «Құрмет» орденінің кавалері-2,  ҚР ТҚО бойынша «Еңілікгүл» марапаты мен сыйлығының иегерлері-2, Облыс әкімінің және Мәдениет басқармасының сыйлығымен, республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі грмоталармен марапатталады. 2000 жылы театрымызға «Академиялық» атағы берілді.Театр труппасы- хор, балет труппасы, солистері және оркестрі бар кәсіби ұжым. Театр тек Республикада ғана емес, сонымен қатар ТМД және алыс шетелдерде де танымал.Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрын Халықаралық байқауларының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Амантай Ибраев басқарады.