Қарағандылықтар тағы да ежелгі геология дәуіріне ене алады, осыдан миллион жыл бұрын өмір сүрген жануарларды көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстай алады.
«Динозал» көрмесінде көптеген жануарлар дыбыс шығарып, қимылдар жасайды, бұларды табиғи дене бітіміне сай Санкт-Петербург қаласының суретшілері мен дизайнерлері жасаған. Ал көркем безендірілген баннер – пейзаждар тіпті ежелгі орман немесе тауда жүргендей әсер қалдырады.
Динозалдағы барлық жануарлармен естелікке фотоға түсуге болады, қолмен ұстап көруге болады.
Динозал 27 сәуір күні ашылады көрме мамыр айының соңына дейін жұмыс жасайды; сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, демалыссыз, үзіліссіз жұмыс жасайды.
Көрме Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде өтеді (Бұқар жырау, 76), аялдама «45 квартал».
Билет құны: Үлкендерге -1500 теңге, балаларға – 1200 теңге, ұжыммен (10 адам) – 1000 теңге. 4-жасқа дейінгі балаларға тегін.