15 наурыз күні сағат 16-00де Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде қарағандылық

театр сруетшісі Баграмов Игорь Маратұлының Халықаралық театр күніне арналған көрмесі ашылды. Баграмов Игорь К.Станиславский атындағы театрдың суретшісі. Көрмеде оның театрдағы спектакльдерге жасаған эскиздері, актерлардың портреттері және т.б. қойылған. Бұл көрмеде Қазақстанның әр түрлі техникада орындалған акварель, пастель, кескіндеме техникасындағы пейзаждарды да көруге болады.

Сонымен қатар И.Баграмов – Қарағанды облысындағы көптеген монументтердің авторы.

Көрменің ашылуына суретшілер, өнертанушылар, Қарму-дің, МГТУ студенттері қатысты.

Көрме 30 наурызға дейін жұмыс жасайды.