Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі

 

2018 жылдың 23 ақпаны күні сағат 16.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде Әбілқасов Мыңғыш Мәуленұлын еске алу көрмесі ашылды.

 

Әбілқасов Мыңғыш Мәуленұлы 1943 жылы 26 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келді. 2013 жылы тамыз айында қайтыс болды (70жасында). 17 жасында Алматы көркемсурет училищесіне түсіп, оны тамамдаған соң көмірлі қаламызға қайтып оралып еңбек жолын бастайды. Әбілқасов М.М. 1970 жылы Суретшілер Одағына мүше болып қабылданады одан соң, ерен еңбегі үшін 1990 жылы ҚазССР-іне Еңбек сіңірген өнер қайраткері атағын алды. Көптеген аймақтық, республикалық, облыстық, халықаралық көрмелерге қатысқан қылқалам шебері еді. Ол тек Қазақстанға ғана емес алыс - жақын шет елдерге танымал суретші болған.

 

Көрменің ашылуына суретшінің туыстары, қарағандылық суретшілер, өнертанушылар қатысты.

 

Көрме 11 наурызға дейін жұмыс жасайды