2018 жылдың 17 қаңтар күні 16.00 де Қарағандылық суретші Равза Якуповна Абусеваның үшінші жеке көрмесі ашылды. Көрме «Шындықтан тыс жалғыздық» деп аталды.

 

Көрмеде 50-ге жуық кескіндеме жұмыстары бар. Көрменің ашылуына БАҚ өкілдері келді «Сарыарка», «5 канал», газеттер «Индустриальная Караганда», «Новый вестник», қарағанды облыстық әкімдік сайты, Қарағанды қаласы әкімінің сайты.

 

Көрмеге қарағандылық суретшілер, суретшінің достары туған-туыстары келді, сонымен қатар №61 мектептің оқушылары қатысты. Көрме 30 қаңтарға дейін жұмыс жасайды.