Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі
Александр Клоковтың жеке көрмесі
«ART THROUGH TIME»!
«УАҚЫТ АРҚЫЛЫ ӨНЕР»
01.02.2018ж. сағ 17.00-де Бейнелеу өнері музейінде суретшінің жеке көрмесі ашылды. 20 жасында музейде өзінің дербес көрмесін ашқан суретшілер көп бе? Ал мына бозбала осындай шешім қабылдады, оның қолынан келді!
Александр Клоков өзінің жастығына қарамастан Суретшілер одағының орта буын суретшілерінің де жас суретшілерінің де көрмесіне қатысып үлгерді. Сонымен қатар «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне де қатысты және «Жаз энергиясы» атты граффиттер конкурсына да. Оның кескіндемелік және акваерль туындылары қарағандылық және москвалық коллекционерлердің салондары мен пәтерлеріне сән беріп тұр.
Көрмеде суретші кескіндеме жұмыстарын көрсетпейді, ол скетчингке көңіл бөледі (Sketching Style). Бүгінгі күнде скетчингке деген насихат белең алып тұр, бұл заманауи бейнелеу өнерінің бір бағыты болып табылады.
Көрменің ашылуы арт-шоу форматында өтті, танымал әнші
Алина Дзеса және SHYN, сонымен қатар жас скрипкашылар Денис Ню және Лия Кусаинова өнер көрсетті. Сонымен қатар скетчинг бойынша шеберлік шыңдау және викториналық сұрақтар қойылып көңілді кеш өтті.
Көрме 11 ақпанға дейін жұмыс жасайды.
Көрмеге суртешінің туыстары, достары көптеген жастар келді, сонымен қатар Қарағандылық суртеші Кәріпбек Күйіков қатысты.